Сот орындаушылары тарапынан заң бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ сот орындаушыларының әрекеттерін, шешімдерін заңсыз деп тануды, айыппұлдар мен жеке сот актілерін заңсыз деп тану санын азайту мақсатында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс пен «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңы талаптарын сақтау. 20 АЕК-тен төмен сома өндіріп алу және әлеуметтік маңызы бар істер бойынша атқарушылық іс жүргізулерді орындау шараларын қабылдау. Қаулы шығарылған борышкерді іздестіруге жариялау қажеттілігін негіздеу, мәліметтердің шынайылығы мен толықтығын қамтамасыз ету және санкциялануға жататын қаулыларды тиісті гарнизондық немесе мамандандырылған прокуратураларға жолдау қажеттілігі айтылды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы әрі сапалы қарау үшін «Тараптар кабинеті» қойындысы бойынша күнделікті мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету. Сондай-ақ, атқарушылық іс жүргізу барысында «Цифрлық ассистент» нұсқаулығын басшылыққа алу. ҚР Әділет министрлігінің стратегиялық жоспарының орындалуы туралы айтылды.