"Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік қызметін атқарушылық іс – әрекеттер жасалған жер бойынша аумақтық әділет органдары (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде белгіленген өтініш пен құжаттарды жібереді: 1) көрсетілетін қызметті берушінің; 2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 3) портал. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АИСОИП) тіркеуді жүзеге асырады және мемлекеттік сот орындаушысына береді; Мемлекеттік сот орындаушысы құжаттар келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ол көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация немесе көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және бұл туралы қолхат береді. Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған жағдайда шағым көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация басшысының атына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.Государственная услуга "Возбуждение исполнительного производства на основании исполнительного документа по заявлению взыскателя" оказывается территориальными органами юстиции (далее – услугодатель) по месту совершения исполнительных действий. Физическое или юридическое лицо (далее – услугополучатель) для получения государственной услуги направляет заявление и документы, установленные Перечня основных требований к оказанию государственной услуги через: 1) услугодателя; 2) некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее - государственная корпорация); 3) портал. Услугодатель в день поступления документов осуществляет их регистрацию в Автоматизированной информационной системе органов исполнительного производства (далее – АИСОИП) и передает государственному судебному исполнителю; Государственный судебный исполнитель в течение 3 (трех) рабочих дней с момента поступления документов, выносит постановление о возбуждении или об отказе в возбуждении исполнительного производства, которое направляется услугополучателю. В случае предоставления услугополучателем неполного пакета документов, Государственная корпорация или услугодатель отказывает в приеме заявления и выдает об этом расписку. В случае обжалования решений, действий (бездействия) услугодателя, государственной корпорации и (или) их должностных лиц жалоба подается на имя руководителя услугодателя, государственной корпорации, в Министерство юстиции Республики Казахстан либо в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан. Жалоба услугополучателя подлежит рассмотрению в течение пяти рабочих дней со дня ее регистрации. Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение пятнадцати рабочих дней со дня ее регистрации.