Аққайың ауданында оны алуға құқығы бар адамға мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегін көрсетті.

Аққайың ауданында оны алуға құқығы бар адамға мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегін көрсетті.

2025 жылғы 17 шілдеде Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Тасқұлова Зайтуна Негмытқызы Аққайың ауданында оны алуға құқығы бар адамға мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегін көрсетті. Сондай - ақ, адвокат «Цифрлық көмекші-чат-ботты» пайдалану мүмкіндігі туралы түсіндірді. Әділет департаменті зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы аналар және Заңда көзделген өзге де адамдар адвокаттың тегін білікті заң көмегін ала алатынын еске салады. Толығырақ ақпарат алу үшін Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасына Петропавл қ. Астана к-сі, 24, анықтама телефоны 33-25-78 мекенжайы бойынша хабарласу қажет.