Электрондық нысанда апостиль қою тәртібі мен шарттары

Электрондық нысанда апостиль қою тәртібі мен шарттары

Электрондық нысанда апостиль қою тәртібі мен шарттары

Е-Апостиль сервистік бағдарламалық өнімі (бұдан әрі – Е-Апостиль СБӨ) шеңберінде электрондық апостиль алуға өтініштер қабылдау, электрондық өтініштерді өңдеу және электрондық апостиль қалыптастыру жүзеге асырылады, бұл өтініш берушілерге Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде онлайн режимінде өтініш беруге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болуы қажет.

Азаматтардың электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық өтінішті және электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруі «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады.

Электрондық форматтағы апостиль берілген Portable Document Format (PDF) файылы түрінде уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе оны ауыстыратын адамның ЭЦҚ қойылған ресми құжаттың электрондық немесе сканерленген көшірмесімен бірге қойылады.

Апостиль қою үшін ұсынылған құжат электрондық түрде немесе құжаттың түпнұсқасын сканерлеу арқылы ұсынылады (ксерокөшірмелерден сканерлеуге жол берілмейді).

Апостиль қою үшін ұсынылған құжат қағаз жеткізгіштегі құжатты сканерлеу арқылы түпнұсқаға дәл сәйкес келуге тиіс (мәтінді түзетуге немесе өшіруге жол берілмейді).

Лауазымды тұлға апостиль қоюға жататын электрондық құжатта Е-Апостиль АЖ немесе ҚБЭА АЖ арқылы электрондық апостиль қалыптастырады және ЭҮШ арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін порталдағы өтініш берушінің «Жеке кабинетіне» жібереді.

Электрондық апостильдің нәтижесі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылған ресми құжаттың сканерленген көшірмесімен бірге апостиль бар PDF файлы түріндегі электрондық форматта қалыптастырылады.

Электрондық апостиль ЭҮП арқылы уәкілетті мемлекеттік орган өтініш берген кезде берген қорғау кодын (қауіпсіздік коды және өтінім коды) қолдана отырып, апостильді жүктеу арқылы беріледі.

Электрондық апостиль мөртабанының астында электрондық беттің мекенжайына сілтеме көрсетіледі https://egov.kz/cms/ru/services/apostil/apostil.

Осыған байланысты апостиль қоюдың осы автоматтандырылған рәсімі азаматтарға мемлекеттік қызметті онлайн режимінде алуға мүмкіндік береді.