Елена Анатольевна Епихина, 1985 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында дүниеге келген.
Е.А. Епихина өз еңбек жолын 2008 жылдың караша айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Петропавл қ. Әділет басқармасының бас маманы ретінде жұмыс атқарған.
2011 жылдың қантар айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті азаматтық хал актілерін тіркеу және апостилдеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді.
2019 жылдың желтоқсан айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді.
2023 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді.
Әділет органдарында еңбек өтілі 16 жыл 7 ай.
Әділет органдарында жұмыс атқарған кезеңінде өзiн білікті, жауапты маман ретінде және өзінің кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отыратын қызметкер екенін байқатты.