«FRIENDS», «CITY», «NINJAGO», көлемді ТК микро-фигуралары бар контрафактілі балалар конструкторларының таралу фактісі анықталды.

«FRIENDS», «CITY», «NINJAGO», көлемді ТК микро-фигуралары бар контрафактілі балалар конструкторларының таралу фактісі анықталды.

Ағымдағы жылдың 09 маусымында «LEGO Holding a/s» компаниясының өтініші негізінде СҚО Әділет департаменті тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі бойынша Петропавл қаласының ЖК қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша жалпы құны 349 300 теңге болатын 83 қорап мөлшерінде контрафактілік өнім партиясы анықталды.
16 маусымда сот әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарды, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. Қаулы заңды күшіне енді.