
2026 жылғы 17 маусым күні сағат 11:00-де Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында «Ашық есік күні» өтеді.
Іс-шара барысында азаматтар келесі мәселелер бойынша тегін құқықтық кеңес ала алады:
✅ азаматтық хал актілерін тіркеу;
✅ атқарушылық іс жүргізу;
✅ нотариат қызметі;
✅ адвокаттық қызмет;
✅ заңды тұлғаларды тіркеу;
✅ зияткерлік меншік;
✅ әділет органдарының құзыретіне жататын өзге де мәселелер.
📍 Өтетін орны: Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті, Қазақстан Конституциясы көшесі, 72.