
2026 жылғы 22 мамырда сағат 10:00-де Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Е.Е. Рашкалиев Тимирязев ауылдық округінде: Тимирязево ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 29 мекенжайында орналасқан «AMANAT» партиясының аумақтық филиалының ғимаратында азаматтарды жеке қабылдау өткізеді.
📌Сондай-ақ, 2026 жылғы 22 мамырда сағат 15:00-де Дмитриев ауылдық округінде: Тимирязев ауданы, Дмитриев ауылдық округі, Дмитриевка ауылы, Мир көшесі, 4 мекенжайында орналасқан мәдени-сауықтыру орталығының ғимаратында азаматтарды жеке қабылдау өткізеді.
🔹Жеке қабылдауға жазылу 2026 жылғы 21 мамыр, сағат 16:00-ге дейін Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің 33-37-32, 8-707-968-27-66 байланыс нөмірлері арқылы жүзеге асырылады.