
Шымкент қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері және департамент басшысы А. Исабекова балалар үйінде «Тәртіпті өзіңнен баста» акциясын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында жастар арасындағы құқықбұзушылықтар мәселесі талқыланып, балалар өз сұрақтарына мамандардан толыққанды жауаптар алды.
Бұл акция заң және тәртіп қағидаттарын насихаттап, жастар арасында құқықтық сананы арттыруды мақсат етеді.