
Шымкент қаласы Әділет департаментінің қызметкерлеріне арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әдеп нормаларын сақтау тақырыбында жиын өткізілді.
Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары М. Исабековтың төралығымен өткен жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы С. Жанизаков қатысты.
Кездесу барысында, С.Жанизаковпен Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір Қазақстандық азаматтың ұстанымына, ал, Адалдық пен Сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиістігі туралы мәселелер айтылып, жиын соңында жемқорлыққа жол бермеу жайлы видеоролик көрсетілді.