ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

18.03.2025 жылы Шымкент қаласының Әділет департаментінің жанындағы Мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің үйлестіру кеңесінің мүшелерінің қатысуымен отырыс өтті.
Үйлестіру кеңесінің төрағасы мен тұрақты мүшелері бекітілді.
Отырыста қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторинг нәтижесінде 2024 жылы енгізілген ұсынулар мен жолданған ақпараттық хаттарға зерделеу жүргізу, сондай-ақ 2024 жылы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің заңнама талаптарының сақталуы туралы мәселелер талқыланды.
Мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, қабылдау және ресми жариялау процесіне қатысты әзірлеуші органдармен заңнаманың басқа да талаптарын сақталуын тұрақты қадағалау жөнінде шешім қабылданды.