ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА

Тұрғындардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін әрбір ауданда азаматтарға Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесін пайдалану мүмкіндігі бар, компьютермен жабдықталған, интернетке қосылған "ҚҰҚЫҚ КАБИНЕТІ" жұмыс істейді. Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма аралығы, сағат 9:00-18:30.
✅Шымкент қаласында құқық кабинеттері аудан әкімдіктерінің ғимараттарында орналасқан және кестеге сай адвокаттар халыққа тегін заң көмегін көрсетеді.
🖇️ кесте:
Еңбекші ауданы әр айдың
1-ші бейсенбісі 10:00-12:00
Тұран ауданы әр айдың
2-ші бейсенбісі 10:00-12:00
Әл-Фараби ауданы әр айдың
3-ші бейсенбісі 10:00-12:00
Абай ауданы әр айдың
3-ші сейсенбісі 10:00-12:00
Қаратау ауданы әр айдың
4-ші бейсенбісі 10:00-12:00
📍 Мекен-жайлары:
Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты (Толстой көшесі, №119);
Шымкент қаласының Тұран ауданы әкімінің аппараты (Байтұлы баба көшесі 12А);
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты (Тыныбаев көшесі, №49);
Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің аппараты (Тәуке хан даңғылы, №3 «А»);
Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты (Бәйдібек би даңғылы, № 60)
мекен-жайларында орналасқан.
✅06.03.2025 жылы Шымкент қаласы Адвокаттар алқасының адвокаты Б.Д.Жұмаев Еңбекші ауданы әкімінің аппаратында тегін заң көмегін көрсетті.