ҚҰҚЫҚТЫҚ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

ҚҰҚЫҚТЫҚ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

№3 арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығында қиын жағдайға тап болған азаматшаларға құқықтық көмек көрсетілді.

Жиынға Әділет департаментінің бас маманы Б.Абдалиева, Еңбекші ауданы прокуратурасының прокуроры Ж. Бисенбаева, “Zangerler palatasy”-ның заң консультанты А. Мырзагалиева, жеке сот орындаушы Н. Тайсенгирова, адвокат А. Адамбекова, «Сана сезім» әйелдер бастамашылдығы құқытық орталығы» қоғамдық бірлестігінің заңгері Э. Агманова қатысты.

Құқытық көмекке жүгінушілер алимент өндіру, некені бұзу, жұмыспен қамту, мүлікті бөлісу т.б. өзекті мәселелер бойынша кеңес алды.