Шымкент қаласының Әділет департаменті «Әдептің қоғамдағы басты қызметі» атты онлайн режимде видеоконференция өткізді

Шымкент  қаласының Әділет департаменті  «Әдептің  қоғамдағы басты қызметі» атты онлайн режимде видеоконференция өткізді

Ағымдағы жылдың 27 мамыр күні Шымкент қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары , әдеп жөніндегі уәкіл Балжан Алипбектің төрайымдылығымен  «Әдептің  қоғамдағы басты қызметі» тақырыбында онлайн режиміндегі видеоконференция өтті.

Семинарға Шымкент қаласының Әділет депаратаменті басшысының орынбасарлары, бөлім басшылары, сот орындаушылар мен басқада мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Қатысушыларға, халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті екендігі баса назарға алынып, өте жоғары этика мен кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылатындығы айтылды.