⚖ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕСТЕР АЛДЫ

⚖ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕСТЕР АЛДЫ

     🔹«Бақытты жанұя» орталығының» ұйымдастыруымен қаламыздағы көпбалалы аналармен қоғамдық қабылдау өтті. Кездесуге Шымкент қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы С.Алимкулов, Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Б.Карабаев, Шымкент қаласы Адвокаттар алқасының адвокаты Б.Жұмаев қатысты.

     ✅Кездесу барысында көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы аналар жылжымайтын ортақ мүлікті бөлісу, әкелікті анықтау және әке құқығынан айыру, алимент өндіру, мұрагерлікті рәсімдеу, банкрот ретінде тану, бұғатталған банк шоттарын шешу, сотқа өткен құжаттарды реттеу, тұрғын үйді жекешелендіру, «қызыл сызықта» салынған үйді заңдастыру, берешегін өтей алмаған азаматтардың несиесін қайта қарауға өтінім беру, көш-қон мәселелері бойынша құқықтық кеңестер алды.