Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты «Ашық есік» күні өтті.
Аталған іс-шараға Шымкент қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы А.Кадирова, Шымкент қаласы Полиция департаменті, Тұран ауданы әкімдігі аппараты мен Тұран аудандық прокуратурасы, Шымкент қалалық ҚХА жанындағы Қаратау аудандық Аналар кеңесі, «Қоғамдық келісім», «Бақытты жанұя» орталығының өкілдері қатысты.
Акция аясында азаматтар алимент өндіру, туу және некені бұзу туралы куәліктер алу, жылжымайтын мүлікті бөлісу, бұғатталған шоттарды шешу, сондай-ақ мұрагерлік іске қатысты сұрақтарына құқықтық кеңестер алды.