ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ МАҚСАТЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ МАҚСАТЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

     Қаратау ауданы әкімі аппаратында аудан әкімі Р.Мүлкеманов пен Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі А.Исабекованың қатысуымен аудан тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру, оларға құқықтық көмек көрсету мақсатында қоғамдық қабылдау өтті.

     Қоғамдық қабылдау барысында азаматтарға жылжымайтын мүліктерді тіркеу және алимент өндіру мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шаралар құзырлы мекеме басшыларының қатысуымен алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.