ДЕПУТАТТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ДЕПУТАТТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

      «Құқықтық көмек» жобасы аясында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалымен ұйымдастырылған қоғамдық қабылдауға Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары А.Исабекова қатысты.

        Сондай-ақ «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Б.Нарымбетов, қалалық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Қ.Имашев, қалалық прокуратура мен Полиция департаментінің өкілдері, адвокат, заң консультанты және медиатор қатысты.

       Қоғамдық қабылдау барысында Исабекова А. азаматтарға жер телімдерін заңдастыру, жылжымайтын мүліктерді тіркеу және алимент өндіру мәселелері бойынша құқықтық кеңестер берді.