КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕСТЕР АЛДЫ

КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕСТЕР АЛДЫ

     «Бақытты жанұя» орталығында Шымкент қаласының көп балалы, әлеуметтік осал санаттарға жататын аналармен кездесу өтті. Кездесуге Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Б.Карабаев, Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Б.Абдалиева, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы С.Алимкулов, «Zangerler Palatasy»-ның заң кеңесшісі А.Мырзагалиевалар қатысты.

     Кездесуге келген аналардың ажырасу, алимент өндіру, жылжымайтын мүлікті тіркеу, бала асырап алу мәселелері бойынша шағымдары қаралып құқықтық кеңестер берілді.