Азаматтар әлеуметтік мәселелері бойынша құқықтық кеңестер алды

Азаматтар әлеуметтік мәселелері бойынша құқықтық кеңестер алды

      Шымкент қаласының Әділет департаменті мен «AMANAT» партиясының Шымкент қаласындағы филиалымен бірлесіп «Құқықтық көмек» жобасы аясында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қоғамдық қабылдау өткізді.

     Қабылдауға Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Б.Абдалиева, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы С.Алимкулов,  адвокат Е.Тлеуов және Шымкент қалалық «Zangerler Palatasy»-ның заң кеңесшісі А.Мырзагалиева қатысты.

     Қабылдау барысында өтініштерімен жүгінген азаматтар зейнетақы және жәрдемақы тағайындау, жылжымайтын мүлікті тіркеу, баспана кезегіне тұру, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша құқықтық кеңестер алды.