Авторлармен және орындаушылармен шығармашылық кездесу өткізілді

Авторлармен және орындаушылармен шығармашылық кездесу өткізілді

     Шымкент қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің қызметкерлерімен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде авторлармен және орындаушылармен зияткерлік меншік саласы бойынша «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар» тақырыбында құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, шығармашылық кездесу өткізілді.

     Кездесу барысында Департамент қызметкерлірімен зияткерлік меншік саласындағы заңнаманың ережелері түсіндірілді, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.