Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша дөңгелек үстел өтті

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша дөңгелек үстел өтті

     Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аппараты басшысымен бекітілген 2023 жылғы арналған Операциялық жоспарға сәйкес, Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы С.Алимкулов  Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мен Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша дөңгелек үстел өткізді.

      Іс-шараның мақсаты – жылжымайтын мүлікке байланысты мәмілелер салық төлеуден жалтаруға әкелетін көлеңкелі айналымның (жылжымайтын мүлікті жалға беру, құқықтарды тіркеуден жалтару) элементтерін болдырмау, қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, анықтау тергеу.