Құқықтық кеңестер берілді

Құқықтық кеңестер берілді

     Шымкент қаласының Әділет департаменті мен «AMANAT» партиясының Шымкент қаласындағы филиалымен бірлесіп «Құқықтық көмек» жобасы аясында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қоғамдық қабылдау өткізді.

     Қабылдауға Шымкент қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы С.Алимкулов, адвокат Е.Тлеуов, Шымкент қалалық «Zangerler Palatasy»-ның заң кеңесшісі А.Мырзагалиева қатысты.

     Қабылдау барысында өтініштерімен жүгінген азаматтар алимент өндіру, және жылжымайтын мүлікке құжаттарды тіркеу, зейнетақы тағайындау, тұрғын үй алу т.б. мәселелері бойынша құқықтық кеңестер алды.