Оңалту орталығындағы қызмет алушыларға құқықтық көмек көрсетілді

Оңалту орталығындағы қызмет алушыларға құқықтық көмек көрсетілді

     Шымкент қаласы Әділет департаменті мамандары, нотариустар, «Zangerler Palatasy»-ның заң кеңесшілері, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы №4 қалалық емхана, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің әдіснама және бақылау бөлімі және тұрғын үй басқармасының өкілдерінің қатысуымен Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» қызмет алушыларына құқықтық көмек көрсетілді.

     Кездесу барысында қызмет алушыларға нотариаттық іс-әрекеттер жасау, мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер мен тұрғын үй алу мәселелелеріне қатысты құқықтық кеңестер берілді.