
Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары А.Исабекованың төрағалығымен, Департаменттің сала мамандарының, Тұран ауданы әкімінің орынбасары А.Жанаевтың, адвокаттардың, нотариустардың, заң кеңесшілерінің, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Ке АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалы, Халықты ақпараттандыру бөлімі өкілдерінің қатысуымен шалғайда орналасқан Тұран ауданының тұрғындарымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Департамент басшысының орынбасары А.Исабекова алдымен Әділет органдарының қызметіне қатысты қысқаша тоқталып, Департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Жиынға қатысқан тұрғындардың сұрақтарының басым бөлігі ауданның инфрақұрылымына қатысты бағытталды. Бұдан бөлек, азаматтар сала мамандарынан алимент өндіру, банк алдындағы берешегін өтеу, заңсыз кредит рәсімдеу, жер телімін заңдастыру, заңсыз жерге салық төлеу мәселелері бойынша толыққанды құқықтық кеңестер алды.