Мейрамхана бизнесі өкілдерімен кездесу жүргізілді

Мейрамхана бизнесі өкілдерімен кездесу жүргізілді

     Зияткерлік меншік саласындағы құқықтық түсіндіру жұмысы жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, Шымкент қаласы Әділет департаментінің​ қызметкерлерімен,​ мейрамхана бизнесі өкілдерінің қатысуымен «Альтаир» кешенінде тауар таңбаларын тіркеу және қорғау жөнінде дөңгелек үстел өтті.

     Іс-шара барасында тауар таңбаларын тіркеудің және қорғаудың артықшылықтары мен маңыздылығы түсіндіріліп, қатысушылар тарапынан Әділет департаменті қызметкерлеріне қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.