Жазасын өтеушілерге құқықтық кеңестер берілді

Жазасын өтеушілерге құқықтық кеңестер берілді

      Шымкент қаласы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №54 мекемесінде «Әділет кеңес береді» акциясы өтті. Кездесуге Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары А.Исабекова, Департаменттің  атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы  - Б.Жумаханов, нотариустар Ж.Алдашова, Е.Амирханов, адвокаттар А.Ибатов, А.Асубаев, заң кеңесшілер А.Мырзагалиева, А.Акылбековалар қатысты. Басқосу барысында сала мамандары  жазасын өтеушілерге атқарушылық жазба жасау және оған қарсылық келтіру тәртібі,  алимент өндіру, жылжымайтын мүлікті тіркеуге, жазасын өтеуден кейінгі төлемдерге талап арыз түсіруге қатысты құқықтық кеңестер берді.