Көпбалалы, әлеуметтік осал санаттарға жататын аналарға құқықтық көмек көрсетілді

Көпбалалы, әлеуметтік осал санаттарға жататын аналарға құқықтық көмек көрсетілді

      «Бақытты жанұя» орталығында Шымкент қаласының көпбалалы, әлеуметтік осал санаттарға жататын аналармен кездесу өтті. Кездесуге Шымкент қаласы Еңбекші ауданы сотының судьясы Е.Отарбаев, Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы  Б.Абдалиева, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы С.Пралиев, АХАЖ саласының маманы Н.Елтаева, жеке сот орындаушысы С.Достаевтар қатысты. 

      Кездесуге келген аналар  бала асырап алу, банктегі несиені қайтару, бұғатталған шоттарды ашу, алимент өндіру мәселелері бойынша шағымдары қаралып құқықтық кеңестер берілді.