Құқықтық көмек көрсетілді

Құқықтық көмек көрсетілді

     «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өтті.  «Құқықтық көмек» жобасы аясында Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Б. Абдалиева,  қалалық адвокаттар алқасының адвокаттары Е.Тлеуов пен Р.Нұрбеков азаматтарға құқықтық  кеңестер берді.

         Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік әлсіз тобына құқықтық көмек беру мақсатында азаматтардың арыз-өтініштері бойынша сала мамандары халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізді.