Студенттердің құқықтық мәдениет негізін қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары А.Исабекова және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен М.Өтебаев атындағы Жоғарғы жаңа технологиялар колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында әділет органдары атқаратын жұмыстары туралы яғни, жылжымайтын мүлік, заңды тұлғаларды тіркеу, апостиль қою және азаматтық хал актілерді тіркеу бойынша түсіндірілді сондай-ақ, ЭЦҚ кілтін бөгде адамдарға бермеу және интернет-алаяқтардан сақ болу жөнінде ескертілді.