Шымкент қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Шымкент қаласының халыққа қызмет көрсету орталығының Әл-Фараби ауданы бөлімінің қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында ресми құжаттарға апостиль қою, жылжымайтын мүлік пен заңды тұлғаларды тіркеудегі мәселелеріне оқыту семинар өткізді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қабылданған құжаттардың мерзімдерінің орындалу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселесі түсіндіріліп, халыққа сапалы уақытылы қызмет көрсетуі айтылды.