"Бақытты жанұядағы" құқықтық кездесу

"Бақытты жанұядағы" құқықтық кездесу

     Шымкент қаласы Әділет департаменті мамандарының, Қаратау аудандық сотының судьясының,  қала адвокаттары мен «Zangerler Palatasy»- ның   заң консультанттарының  қатысуымен Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау басқармасының «Бақытты жанұя» орталығында  «Әділет кеңес береді» акциясы өтті. Онда сала мамандары тарапынан қызмет алушыларға жеке азаматтарды банкрот деп тану, алимент, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және зияткерлік меншікті тіркеу мәселелері бойынша құқықтық кеңестер берді.