Жазасын өтеушілерге құқықтық көмек көрсетілді

Жазасын өтеушілерге құқықтық көмек көрсетілді

    Шымкент қаласы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №69 РМ мекемесінде «Әділет кеңес береді» акциясы өтті. Кездесуге Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі А.Исабекова, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі бөлімі-филиалының басшысы, аға-сот орындаушысы М.Мұхтаров, Департамент мамандары және қала адвокаттары қатысты. Басқосу барысында сала мамандары жазасын өтеушілерге Ресей азаматтарымен некеге тұру тәртібі, алимент өндіру, жазасын өтеуден кейінгі төлемдерге талап арыз түсіруге қатысты құқықтық кеңестер берді.