Әділет департаменті қызметкерлері қалалық сенбілікке қатысты

Әділет департаменті қызметкерлері қалалық сенбілікке қатысты

     Шымкент қаласы Әділет департаментінің мамандары «Бірге – Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде жалпы қалалық сенбілікке қатысты. Бірлігі бекем қызметкерлер қажетті құрал-жабдықтармен келіп, тазалық жұмыстарына жұмыла кірісті. Сенбілік барысында өздеріне бекітілген аумақта санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді. Жол жиектері мен ирригациялық арықтарды қоқыс қалдықтарынан арылтып, қала ажарының ашылуына белсене атсалысты.