ТІЛДІК ТАЛАПТАРДЫҢ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ТІЛДІК ТАЛАПТАРДЫҢ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

 Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласы Әділет департаментінде «Мемлекеттік тілде ісқағаз жүргізу» тақырыбында семинар кеңес өткізілді. Басқосу аясында Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының мұғалімі Г.Қалдыбаева департамент қызметкерлеріне ісқағаздарды жүргізу барысында тілдік талаптардың қағидаға сай сақталу тәртібін түсіндірді. Қызметкерлер сала маманына жұмыс барысында құжаттарды толтыруға қатысты сауалдарын қойып, тиянақты жауаптар алды.