Зейнеткерлер құқықтық кеңестер алды

Зейнеткерлер құқықтық кеңестер алды

     Шымкент қаласы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Белсенді ұзақ өмір сүру»  орталығында қызмет алушыларға «Әділет кеңес береді» акциясы өтті.  Кездесуге департамент мамандары мен «Zangerler Palatasi»-ның заң консультанттары Қ.Құралбек, Н.Балғабаев пен жеке сот орындаушысы Е.Ходжагельдиев, сондай-ақ Шымкент қаласының атқарушылық округі палатасының жеке сот орындаушысы,  Я.Османовтар қатысты. Басқосу барысында сала мамандары тарапынан жылжымайтын мүлік, азаматтық хал актілерін тіркеу, алимент өндіру мен зейнетақы және жәрдемақы тағайындау туралы құқықтық кеңестер берілді.