Көпбалалы аналар құқықтық кеңестер алды

Көпбалалы аналар құқықтық кеңестер алды

   Шымкент қаласы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен көптеген отбасылар үшін жаңа мүмкіндіктер мен жаңа бастамалардың себепшісі болған «Бақытты жанұя»  орталығында қызмет алушыларға құқықтық кеңестер беру акциясы өтті. Акция аясында департамент мамандары мен «Zangerler Palatasi»-ның заң консультанттары Т.Нарманов, А.Мирзагалиева, А. Айдар  көпбалалы аналарға құқықтық көмек көрсетті. Басқосу барысында көпбалалы аналар көптен бері көкейлерінде жүрген  алимент,  тұрмыстық даулар, ажырасу, тұрғын үй мәселелері бойынша сала мамандарынан  кеңестер алды. Жастар мен көпбалалы отбасыларды құқықтық қолдау бағытындағы бұл іс-шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.