Құқықтық акция

Құқықтық акция

Бүгін Шымкент қаласы Әділет департаментінің, Шымкент қалалық сотының, «Бақытты жанұя» орталығының ұйымдастыруымен сала мамандары мен адвокаттардың қатысуымен құқықтық акция өтті. Іс-шара барысында көпбалалы және тұрмысы төмен, мүгедек бала асырап отырған отбасы мүшелерінің алимент, жылжымайтын мүлікті тіркеу, жәрдемақы мәселелері бойынша арыз-шағымдары қарастырылды. 30 адамды қамтыған акция барысында азаматтардың МКЗК қызметтерін алу құқықтары түсіндірілді.