Дөңгелек үстел өткізілді

Дөңгелек үстел  өткізілді

Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Д.Ботанның төрайымдылығымен Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының инспекторларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Басқосуда полиция майоры А.Нурмаханова баяндама жасап, қызмет бағыттарының бірі - көлеңкелі экономика саласында, салық және қаржы саласындағы қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу, күресу, анықтау және тергеу болып табылатынына тоқталып, құқық қорғау қызметін жүзеге асыруда көлеңкелі экономиканы болдырмаудың жолдары қарастырылды.