Дөңгелек үстел өткізілді

Дөңгелек  үстел өткізілді

Әділет департаменті басшысының орынбасары А.Рахметовтың төрағалығымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлері мен жеке нотариустардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - жылжымайтын мүлік пен заңды тұлғаларды тіркеудің яғни, мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру және негізсіз бас тартулар мен тоқтатуларды болдырмау, алдын алу.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын атап өтілді.