Меморондумға қол қойылды

Меморондумға қол қойылды

Шымкент қаласы Әділет департаментінің басшысы Н. Махамбетов «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аймақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б. Әлтеев, Шымкент қаласының Адвокаттар алқасының төрағасы С. Баймуратов, Жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасының басшысы М.Әбдібай және «ЕвроАзиялық медиация орталығы» Қоғамдық бірлестігінің директоры Л. Акшегирова татуластыру рәсімдерін қолдануды кеңейту бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум аясында дауларды бітімгершілікпен шешудің тиімділігі мен артықшылықтарын халық арасында түсіндіру, насихаттау және түрлі мәселелерді реттеуде медиация тәжірибесін ұлғайту шаралары атқарылмақ.

___