Түсіндірме жұмыстары

Түсіндірме жұмыстары

Шымкент қаласы Әділет департаменті қызметкерлерінің бастамасымен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында шалғай аудандарда түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру жалстыруда. Бүгін департамент басшысының орынбасары М.Исабеков, бөлім басшысы А.Абдуллаева мен адвокаттар алқасының төрағасы С.Баймұратов Қазығұрт мөлтекауданының 100 шақты тұрғынымен кездесті. Кездесуге Абай ауданы әкімі Б.Парманов пен Прокуратура, Полиция қызметкерлері қатысты. Азаматтар сот актілерін орындау мәселелері бойынша құқықтық кеңестер алды.