Насихаттау жұмыстары жүргізілді

Насихаттау жұмыстары жүргізілді

Насихаттау жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің қызметкерлерімен қала алаңдары мен сауда орталықтарында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультатциялық көмек көрсетудің жайын түсіндіріп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Зияткерлік меншік обьектілері туралы /тауар таңбалары, авторлық құқық,патент алу бойынша/ ақпаратты кітапшалар таратылды.
Сондай-ақ, контрафактілі өнімдерді сатып алу қауіпін болдырмау, алдын-алу, мұндай өнімдерді алған жағдайда адам денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіруі және ол үшін жауапкершілік бар екенін халық назарына жеткізу, контрафактілік өнімге деген теріс көзқарасты қалыптастыру мақсатында әңгіме жұмыстары жүргізілді.
Жүргізілген іс-шара нәтижесінде жеке қала тұрғындардың көп бөлігі, контрафактілік өнімді кездестіргендігін, бөтен тауар таңбасын пайдаланғаны үшін жауапкершіліктің бар екендігі жайында хабардар екені белгілі болды.
Бұған қоса бөлім қызметкерлерімен авторлық және сабақтас құқықтары бойынша «BATSU» компаниясының қызметкерлеріне құқықтық кеңес берілді.