Заң көмегін көрсету бойынша дөңгелек үстел өтті

Заң көмегін көрсету бойынша  дөңгелек үстел өтті

Бүгін Шымкент қаласы Әділет департаментінің басшысы Н.Махамбетовтың төрағалығымен қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық, аудандық соттар, мамандандырылған тергеу соты, Шымкент гарнизонынын әскери соты, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша басқармасы өкілдерінің және Адвокаттар алқасы төрағасының қатысуымен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету бойынша дөңгелек үстел өтті.
Жиында тараптар сотқа дейінгі тергеулерде және сот процесі барысында күдіктінің (сотталушының) қорғаушысы ретінде бір адвокатты тағайындау мәселесі бойынша ұсыныстарын білдірді. Негізгі мақсат – адвокаттар көрсететін мемлекеттік кепілдік берген заң көмегінің сапасын арттыру және осы бағытта жұмсалатын бюджет қаражатын үнемдеу.