Контрафакт проблемасы және онымен күресу

Контрафакт проблемасы және онымен күресу

Шымкент қаласының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер Палатасының алаңында прокуратура, экономикалық тергеу департаменті, полиция, кедендік бақылау органдары, кәсіпкерлердің және  қоғамдық ұйымдардың қатысуымен «Контрафакт және онымен күресу» тақырыбында семинар өткізді.

Аталған семинар Департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Іс шара барысында, зияткерлік меншік саласындағы заңнама нормаларының негізгі түсініктеріне тоқталып, тауар белгісінің құқықтық бұзушылықтар түрлері жайында, тауар белгісін пайдалану, басқа тауар белгісін пайдалану кезінде құқығын бұзғаны үшін тартылатын жауапкершілік жайында түсініктер берді.   

Семинардың мақсаты - Шымкентте зияткерлік құқықтарының қорғалуының тиімділігін арттыру және құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып контрафактімен күресу.

Семинар барысында, құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік мекемелермен пікір алмасу кезінде, барлығына ортақ мәселе болған контрафактімен күресу кезінде туындайтын проблемалар мен оның шешу жолдары кеңінен талқыланып, бірлесе жұмыс жасауға бағыттар белгілейді.