Акция жалғасуда

Акция жалғасуда

Шымкент қаласының Әділет департаменті қызметкерлері мен Адвокаттар алқасының адвокаттары, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығының» қызметкерлерімен бірлесіп, «Probono-волонтерлері» және «Адал көмек» жобалары аясында мемлекеттік кепілдік берген заң көмегі бойынша құқықтық акциясын ұйымдастырды. Акция барысында босқын және қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша ауызша және жазбаша құқықтық кеңес берілді. Қандас мәртебесін алған азаматтарға жәрдемақы тағайындау сұрақтары бойынша жауап берілді.