Шымкент қаласының Әділет департаменті "8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін" атап өтті.

Шымкент қаласының Әділет департаменті  "8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін" атап өтті.

Шымкент қаласының Әділет департаментінде жыл сайынғы дәстүр бойынша "8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні" аталып өтті.

Департаменттің жеке құрамы Халықаралық әйелдер күнімен әріптес аруларын және әділет органдары саласында қызмет атқарып жүрген қыз-келіншектер мен заң саласының ардагерлерін құттықтады.

Аталған салтанатты шара барысында, «Қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде атқарғаны үшін» Қазақстан Республикасының Әділет министрі М. Бекетаевтың Грамотасымен 2 қызметкер, Қазақстан ​ Республикасының Әділет ​ министрі М. Бекетаевтың Алғыс хатымен 1 қызметкер, сонымен қатар «Тәуелсіз еліміздің әділеттілік пен заңдылықты қамтамасыз ету жолындағы талаптылығы мен​ мінсіз атқарған адал еңбегі үшін» Шымкент қаласының Әділет департаментінің басшысы Н. Махамбетовтың Грамотасымен 6 қызметкер және ерен еңбекті ардагер марапатталды.

Бұдан бөлек, көктемнің шуақты мерекесімен Қаратау аудандық әкімдік тарапынан берілген Алғыс хаттарды 5 қызметкерге табыстай келе, ер азаматтар мен қатар иық тіресе, елге адал қызмет етіп жүрген нәзік жанды аруларға мерекелік гүл шоқтары тарту етілді.

Сонымен қатар Ата Заңның маңыздылығы мен қасиетін терең ұғындыратын мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті.

Құрметті әріптестер, аналар, ару қыздар!

Сіздерді Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз!
Күні-түні еңбек етіп жүрген Сіздердің әрбіріңіздің қызметіңіз құрметке лайық. Отбасыларыңызға амандық,дендеріңізге саулық, еңбекте толағай табыс тілейміз!