Шымкент қаласының Әділет департаментінде алқа отырысы өтті

Шымкент қаласының Әділет департаментінде алқа отырысы өтті

2021 жылдың 15 ақпанында Шымкент қаласының Әділет департаментінде алқа отырысы өтті.
Онда 2020 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, ағымдағы жылға арналған басым бағытты міндеттер анықталды.
Департамент басшысы Нұржан Махамбетовтың төрағалығымен өткен онлайн форматтағы алқа отырысына, Департамент басшысының орынбасарлары, құрылымдық бөлім басшылары және басқа да мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Алқа отырысында Департамент басшысының орынбасарлары Балжан Алипбек және Айнур Исабекова сонымен қатар Әкімшілік бөлімінің басшысы Нурсултан Самарканов, Қаржы және материалдық бөлімінің басшысы Айгүл Қаржауова баяндама жасады.
Жиын барысында Әділет департаменті өз құзіреті шегінде еліміздің құқықтық саясатын, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау жұмыстары жоғары органның белгілеген бағытында орындалып, стратегиялық жоспардың мақсатты көрсеткішіне қол жеткізілгендігі айтылды.
Жиын соңында Департамент басшысы қорытынды сөз сөйлеп, ағымдағы жылдың негізгі міндеттерін айқындады.

​"Мемлекеттік органдар үшін ең алдымен алдағы кезеңдерге басты басымдық Президент жолдауындағы айтылған міндеттерді орындау болып табылады.Сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету жолындағы жұмыстарды одан әрі жандандыруымыз қажет. Әрбір өтінішпен жұмысты сапалы және уақытылы жүргізіп, қайталама шағымды болдырмау керек,"-деп атап өтті Нұржан Махамбетов.

​Департамент басшысы қорытынды сөзден кейін ​ әділет органының қызмет бағыттары бойынша бірқатар тапсырмалар берді.