Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелеріне қатысты өзгерістер мен толықтырулар бойынша онлайн семинар өтті

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелеріне қатысты  өзгерістер мен толықтырулар бойынша онлайн семинар өтті

 2021 жылы 17 ақпанда Шымкент қаласы Әділет департамент басшысының орынбасары Б.Алипбектің төрайымдылығымен тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлерінің қатысуымен, 2021 жылдың 26 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын түсіндіру мақсатында онлайн режимінде «Zoom» видеоконференция арқылы семинар өткізілді.

Іс-шара барысында ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы», «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңдарына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы айтылды.

Сондай-ақ,  Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларына 28 мамыр 2020 жылғы енгізілген өзгерістерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету қажеттілігі ескертілді.