Шымкент қаласының Әділет департаменті азаматтардың мәселелерін тыңдауға және құқықтық көмек көрсетуге әрдайым дайын
Осыған орай, 2021 жылдың 16 қаңтар күні Шымкент қаласының Әділет департаментімен "Халыққа заңды көмек" акциясы өткізілді. Шара барысында Әділет департаментімен жалпы саны 147 азаматтан өтініш қабылданды. Оның ішінде 111 азаматқа ауызша түсініктеме беріле отырып, 6 жазбаша өтініш қабылданып, қарауға алынды. Сонымен қатар 30 азаматтан атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй мәселесі бойынша сұрақтар келіп түсті. Аталған сауалдар бойынша азаматтарға тиісті мемлекеттік органдарға жүгіну бойынша ұсыныстар берілді